iPhone-ды енді бір апта бойы қуаттамай жүруге болады

iPhone-ды енді бір апта бойы қуаттамай жүруге болады
Фото: tn.kz

Intelligent Energy ағылшын компаниясы iPhone смартфонына арналған жаңа түрлі батареяның жасалғанын хабарлады. Бұл құрылғы арқылы Apple өнімін бір апта бойы қуаттамай жүруге болады. Бұл туралы Tengrinews.kz The Telegraph сайтына сілтеме жасап жазды.

Мұндай батареяда электр энергиясы сутегі мен оттегінің әрекеттесуінен шығады. Батареяның iPhone 6 құрылғысында қолданылатыны және құрылымдық өзгерістердің қажеті болмайтыны айтылады.  

Қуаттағыш құралдың өзгеретіні айтылды. Intelligent Energy компаниясының бас директоры Генри Винанд компанияның бұл құрылғысын "зор қадам" деп атады. Оның айтуынша, мұндай жаңалық смартфондар саласында болмаған. 

 
М. Бисембаева