Жаңа «iPhone» шығатын уақыт жарияланды

Жаңа «iPhone» шығатын уақыт жарияланды
Фото: rofor.by

Шетелдік ақпарат құралдары «Apple» компаниясының жаңа өнімі «iPhone 6S» смартфонының шығатын уақытын жариялады. «Buzzfeed» порталының хабары бойынша, жаңа смартфон 9 қыркүйекте таныстырылады екен.

«iPhone 6S» смартфонының суреттері ғаламтор беттеріне осыған дейін де тарап үлгерді. Кей дереккөздерге сенсек, келесі нұсқадағы iPhone корпусы берік алюминийден дайындалады. Силикондық компания аталған металды Apple Watch сағатының корпусына пайдаланған. Ал алюминийдің беріктік құрамын ескерсек, жаңа смартфон корпусы iPhone 6 аналогынан қалыңдау болатыны анық. Нақтырақ айтқанда, жаңа смартфон 0,15 мм ұзындау және 0,2 мм қалыңдау болмақ. Сондай-ақ, A9 процессоры мен 12 МП камера сапасымен жабдықталып, жедел жад 2 ГБ-ға ие болмақ. Смартфоның кейбір нұсқаларының экраны жақұтпен безендірілсе, тағы біреулерінің корпусы «Apple Watch» сағатымен үйлесім таппақ. 

«Apple» компаниясы «iPhone 6S» смартфонымен қатар, «Apple TV» ресиверінің жаңарған нұсқасын таныстырады. Соңғы рет бұл ресивер 2012 жылы жаңарған болатын. 

Ө. Сансызбай