Жаңа iMac күзде сатылымға шығады

Жаңа iMac күзде сатылымға шығады
Фото: www.wired.co.uk

Apple компаниясының iMac компьютерлер сериясының жаңартылуын күтіп жүргендер үшін қуанышты жаңалық: KGI сарапшылары ағымдағы жылдың күзінде iMac компьютерлерінің жаңа нұсқасы шығатынын хабарлады.

Жаңартылған компьютер 2015 жылдың төртінші нарықтық кварталында ресми түрде таныстырылады. Нақтылап өтсек, қазан айында көпке ұсынылатын iPad пен MacBook өнімдерімен бірге осы компьютер моделінің де анонсы өтуі мүмкін. Нақтылап өтсек, iMac өнімінің ақпараттық қамтуы дамытылса да, оның сыртқы дизайны өзгермейді.

Ал әзірге iMac Retina моделінің 21,5 дюймді моделінің анонсы туралы еш ақпарат берілмеді. Айта кетсек, бұл модель 2013 жылдан бері жаңартылмаған болатын. Сондықтан жаңа iMac компьютері Retina дисплейіне де ие болуы ықтимал.

Ж. Өрісбай