LG ең жеңіл ноутбук шығарады

LG ең жеңіл ноутбук шығарады
Фото: www.v3.co.uk

Оңтүстіккореялық компания 14 және 15,6 дюймді лэптоптарға (ноутбуктерге) арналған ең жұқа LCD-дисплейлерді жаппай шығара бастады. Advanced In-Cell Touch (AIT) технологиясының көмегімен жасалған қосымша сенсордың дисплей ішіне орнықтырылуын қамтамасыз етпек. Бұл енді шығарылатын ноутбуктердің салмағы жеңілдейтінін білдіреді.

Advanced In-Cell Touch технологиясы негізінде жасалған LG компаниясының 15,6 дюймді тачскриндері 25%-ға жұқа, 35%-ға жеңіл болады. Ал жаңа дисплей Full HD сапасымен жабдықталады.

Дегенмен, жұқалығы мен жеңілдігі LG құрастыратын AIT-панельдерінің басты ерекшелегі емес. Компания өкілдерінің айтуынша, экрандағы суреттің сапасы артатын болады. Тіпті судың тамшысы да сапаға нұқсан келтіре қоймайды екен.

Жоспар бойынша, AIT технологиясы негізінде дайындалатын ноутбуктер 2015 жылдың екінші жартысында шығарылмақ. Сонымен қатар, жаңа өнімдер ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ресми таныстырылатын Windows 10 платформасымен қамтамасыз етіледі. 

Ж. Өрісбай