Компьютерді смартфонмен басқаруға болады

Компьютерді смартфонмен басқаруға болады
Фото: thenextweb.com

Intel процессоры Android платформасына арналған жаңа қосымша шығарды. Remote Keyboard қосымшасы дербес компьютердің пернетақтасы мен тышқанының функцияларын атқара алады. Нақтырақ айтар болсақ, аталған қосымша компьютерді смартфонның көмегімен басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  

Бастапқыда Remote Keyboard үлгісі Intel Compute Stick және NUC мини-компьютерлеріне арналып дайындалған болатын. Дегенмен, компания инженерлері Intel процессорлары негізінде жұмыс істейтін компьютерлердің барлығы бұл қосымшаға бейімделе алатынын айтады. Бастысы қосымшаны орнату күрделі әрекетті қажет етпейді.

Айта кетейік, соңғы кездері Intel концерні Android оперативті жүйесіне көп көңіл бөлуде. Жақында Google мен Intel арасында Android-смартфондардың қызметтік функциясын жылдамдату мақсатында бағдарламалық қамту келісіміне қол қойылды.

Егер смартфон мен компьютер бір Wi-Fi-желісіне тіркелген болса, мобильді қосымша бірден іске қосылады. Байланыстың қауіпсіз орын алуы үшін тұтынушы телефонның камерасын компьютердің экранына бағыттап, QR-кодты түсіруі тиіс болады.

Мобильді қосымшаны қолданып үлгерген тұтынушылар көбіне оң пікірін білдіруде. Дегенмен, тышқанның бағыттағышы тым сезімтал екені ескеріліп отыр. Ал оның мүмкідігін төмендетер бослақ, қызметтік функциясы да нашарлай түседі екен.

Мобильді қосымша әзірге бастапқы құрылымдық негізде болғандықтан, оның қателіктері орнымен өңделетін болады. Сондай-ақ, жуырда қосымшаның iOS платформасындағы нұсқасы да шығарылмақ.  

Ж. Өрісбай