Windows 10 Microsoft компаниясының соңғы операциялық жүйесі болады

Windows 10 Microsoft компаниясының соңғы операциялық жүйесі болады
Фото: tn.kz

Windows 10 Microsoft компаниясының ең соңғы операциялық жүйесі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Slash Gear сайтына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, компания стратегиясын өзгерткен. Корпорация енді операциялық жүйенің жаңа нұсқасын шығармайды, соңғысын дамытып отырады.

Microsoft өкілдерінің айтуынша, Windows 10 үнемі жаңартылып және дамып отыратындықтан өзектілігін жоғалтпайды. 

Сарапшылар операциялық жүйені бейімдеу корпорацияға қиын болады деп болжап отыр. Олардың айтуынша, жүйенің кейбір компоненттері мен қосымшалары ғана дамуы мүмкін. Сарапшылар Windows 8 интерфейсі сенсорлы экраны бар планшеттер кең таралғаннан кейін ғана қолданыла бастағанын, яғни ОЖ мобильді компьютерлер арасында бірден таралмағанын атап өтті. 

М. Бисембаева