IPhone-ға арналып ауадан қуатталатын чехол жасалды

 IPhone-ға арналып ауадан қуатталатын чехол жасалды
Фото: 24gadget.ru

Америкалық Nikola Labs стартап-компаниясы iPhone 6 смартфонына арналған ауадан қуат алатын чехол жасады. Ғажап-чехолдың құны 99 долларды құрайды, көрсетілімі Нью-Йорктегі TechCrunchDisrupt конференциясында болды. Өнертапқыштар құрылғының Wi-Fi сияқты, радиожиілілікті электрге алмастыра алатынын көрсетті.

«Біз XXI ғасыр мобильдік құрылғысына XIX ғасыр технологиясын қолданып отырмыз. Бұл озық технология ауадан қуат алуға мүмкіндік береді. Чехолға құрылғыдан шығатын қажетсіз радиотолқын энергиясын өзіне жинап, оны электрге айналдыратын антенна орнатылған»,- деді құрастырушы Уилл Целл.

iPhone 6 телефонына арналған чехол аккумуляторлық батареясының жұмыс уақытын 30 пайызға арттырады деп хабарланды.

Nikola Labs мұндай технология шығаратын жалғыз компания емес, бірақ ол коммерциялық дайын өнімді бірінші болып ұсынғанын айта кету керек. Өндіруші тауарды алдағы 12 айдың ішінде сатылымға шығарамыз деп үміттенеді.

iPhone 6-ға арналған чехол Nikola Labs компаниясының алғашқы өнімі. Компания келесі кезекте нарыққа алыс және жақын аймақтардан сымсыз қуат берілетін зарядтағыш құрылғысын шығаруды жоспарлады. Мақсаты – 100% мобильдікті қамтамасыз ету.

Ұқсас жазбалар:

iPhone-ды жылдам қуаттауға арналған бірер кеңес

Ең қымбат iPhone 6 шағын аралдың бағасымен сатылуда (Видео)

@. @assel_assanova