Ойларды жазбаша мәтінге айналдыратын құрылғы жасалды

Ойларды жазбаша мәтінге айналдыратын құрылғы жасалды
Фото: cinemacity.mymovies.ge

Ми жұмысын электрлі стимуляциялау арқылы адамның ойларын мәтінге айналдыратын құрылғы Барселонада таныстырылды, - деп хабарлайды  24.kz.

Мұның өзінде оған қатысатын электродтар басты ешбір ауыртпайтын көрінеді. Биомедицина мен биотехнологияларға мамандандырылған конференция қатысушылары оны қолданысқа енгізу үшін он жылдай уақыт керектігін де алға тартты.

Бұл технология әсіресе, сал ауруына ұшыраған науқас жандар үшін таптырмайтын құрал болып шықты. Себебі шлемді киген адам айтқысы келіп, айта алмаған ойларын құрылғының көмегімен мәтіндік хабарламаға айналдырып, өзгелерге жібере алады.  

Оны сынау кезінде адам 6 сөзден тұратын хабарлама жазып үлгірген. Жалпы бір әріпті жазуға 8 секунд уақыт керек екен.

Н. Айдархан