Жапондар сағатына 600 шақырым жүретін пойызды сынақтан өткізді

Жапондар сағатына 600 шақырым жүретін пойызды сынақтан өткізді

Жапонияда шығарылған пойыз тестік сынақтар кезінде жылдамдықты сағатына 603 км-ге дейін жеткізіп әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы bnews.kz хабарлады. 

Рекорд Фудзи тауына жақын орналасқан Яманаси префектурасындағы жолдарда орнатылыпты. 

Жапония билігі алдағы аптада Токио мен Нагоя қаласы аралығында жүрдек пойызды іске қосуды жоспарлап отыр. Енді қос қала тұрғындары 208 км жолды бар-жоғы 40 минутта басып өтеді.

Жапонияда жылдамдық бойынша рекорд бұған дейін 16 сәуірде орнатылған болатын: ол кезде жылдамдық сағатына 590 км-ді құраған.

сурет: varlamov.me

 

Е. Қайрахан