Sony төртінші Xperia смартфонын таныстырды

Sony төртінші Xperia смартфонын таныстырды

Жапонның бүкіл әлемге танымал Sony компаниясы флагман бола аларлық Xperia Z4 смартфонының жаңа үлгісін ресми түрде таныстырды. Бұл туралы  egemen.kz Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Бес дюймді қалайы экраны бар гаджеттің саудаға қашан шығарылатыны да, оның бағасы да әзірге белгісіз. Мобильді бөлімшенің жаңа басшысы Хироки Тотоми Sony-дың мақсаты смартфонның жоғары бағалы сегментін сақтай отырып, Samsung және Apple компанияларына бәсекелес болуды жалғастыра беру керек екенін айтты.

Сурет: hi-news.ru

Н. Айдархан