Үш дөңгелекті Halfbike II велосипеді жасалды

Үш дөңгелекті Halfbike II велосипеді жасалды

Уақыт өтіп, заманауи технология дамыған сайын қарапайым заттарға да өзгерістер еніп жатыр. Мысалы, жуырда ғана электрлі скейтбордтың жасалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Ал бүгін үш дөңгелекті, орындықсыз жасалған велосипедтің жаңа түрі туралы біле аласыздар.

Kolelinia компаниясы үш дөңгелекті, орындықсыз Halfbike II атты жаңа велосипед жасаған. Бұл – "жартылай велосипед" қарапайым велосипедтің жаңа дамыған үлгісі.

Сонымен қатар, оны "бүктеп", жинауға болады. Оның көлемі 100 х 40 х 110 см. Ал жиналғандағы көлемі 100 х 40 х 52 см. Cалмағы 8,2 килограммды құрайды.


Halfbike II жеңіл әрі ыңғайлы. Жинақылығымен жер-жерге сыйып кететін велосипедтің түрлі түстері бар. Құрастырушылар бұл жаңа велосипедті кәдімгі велосипедтен артық етіп көрсетпейді.


Олар "Бұл велосипедті жарнамаламаймыз, бұл тек жаңалық, технологияның жаңа мүмкіндіктерін дәлелдеу мақсатында жасалған велосипед" дейді.

 
Сурет: halfbikes.com, baku.ws
Е. Жұмабайұлы