Apple-дің жаңа кеңсесі Стив Джобс есімімен аталады

Apple-дің жаңа кеңсесі Стив Джобс есімімен аталады

Apple компаниясының салынып жатқан жаңа кампусы Стив Джобс есімімен аталады. Купертинолық компанияның қазіргі басшысы Тим Кук осындай идеяны алға тартып отыр.

Жаңа кампустың компанияның негізін салушы тұлғаның есімімен аталуы негізді. Себебі Стив Джобстың өзі осы жаңа нысанның алғашқы дизайнын жасап, салынатын орнын белгілеген болатын. Одан бөлек, Apple компаниясының осы дәрежеге жетуі дәл осы тұлғаның есімімен тікелей байланысты.

Дегенмен нысанның атауына байланысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл идеяны алдымен Стивтің жанұясы құптауы тиіс. Егер олар өз келісімін беретін болса, кампустың алдында «Стив Джобс атындағы Apple кампусы» деген жазуы бар мемориалдық тақтайша қойылады. Компания өкілдері Стив Джобс жанұясының қарсы болмайтынына үміт артып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Apple-дің жаңа кампусы «ғарыш кемесі» дизайнымен салынуда. Ерекше көрініске ие болатын алып нысан алдағы бірнеше жылда пайдалануға берілмек. 

Сурет: revolverlab.com

Ұқсас жазбалар: 

Стив Джобстың өмірінен суреттер сыр шертеді

Қытайлық Стив Джобс туралы білесіз бе?

Стив Джобс атындағы яхта

Голливуд актері Кристиан Бэйл Стив Джобсты сомдайды

Ж. Өрісбай