Galaxy S6 смартфонының «ақылды» пышақ нұсқасы шығарылды

Galaxy S6 смартфонының «ақылды» пышақ нұсқасы шығарылды

Оңтүстіккорейлік Samsung компаниясы смартфонға қосылатын Galaxy Blade Edge  атауына ие әлемдегі тұңғыш смарт-пышақ жасады.

Аталған құрылғы Galaxy S6 флагманды смартфонының көптеген ерекшеліктерін өзінде қамтыған. Атап айтқанда Blade Edge смарт-құрылғысы Android жедел жүйесімен жабдықталып, TouchWiz тұтыну интерфейсі мен дайындалып жатқан тағамның кез келген сәтін сапалы фотоға түсіріп алатын камера қондырылған. Нақтырақ айтқанда, Galaxy Blade Edge  смартфонның орнын басатын «ақылды» асхана құралы болып отыр.

Galaxy сериясымен шыққан алғашқы асхана пышағы алмаз қаптағышымен өңделген. Сондай-ақ, пышақтың сабы арнайы тапсырыспен ағаш, керамика және болаттан жасалынады. Ал «ақылды» өнімнің қауіпсіздігі Samsung Knox технологиясы негізінде жасалған. Одан бөлек, құрылғыға орнатылған арнайы тетіктер қолды кесіп алудан сақтайды және вирусқа қарсы қорғаныс қолданылып жатқан өнімдерде микробтың болмауын қадағалайды.

Сонымен қатар, Galaxy Blade судан қорғалған және өрт қауіпсіздігінің талаптарына жауап береді. Компания мамандары арнайы Galaxy Blade Edge смарт-өнімі үшін термометр сынды қосымша функцияларды да ойластырған. Ал толық жұмыс барысы Ultra 4D Curved Flash негізгі жадысында үдемелі сақталып отырады.

Оңтүстіккорейлік компания Galaxy Blade Edge өнімінің нарықта жолы болатынына сеніммен қарап отыр. Құрылғыға көбіне өз ісінің білгірі болатын бас аспаздар қызығушылық білдіруі мүмкін. Енді смартфон мен ас дайындауға арналған пышақты жеке-жеке сатып алудың қажеті жоқ. Себебі мұның бәрі Galaxy Blade Edge өнімінде қамтылған. Ал өнімнің бағасы мен оның сатылымға шығу уақыты туралы әзірге ақпарат берілмеді.

Сурет: news.hargatop.com

Ұқсас жазбалар: 

Жаңа смарт-білезік смартфонның орнын басады (Видео)

Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды (Видео)

Қытайлық Xiaomi компаниясы смарт-кроссовкі шығарады

TAG Heuer классикалық сағаты «смарт» үлгіге ауысады

Ж. Өрісбай