Microsoft Office 2016 бағдарламасын жүктеп алуға болады

Microsoft Office 2016 бағдарламасын жүктеп алуға болады

Microsoft корпорациясы Windows-қа арналған Office 2016 қосымшасының алғашқы нұсқасын әзірледі. Әзірге бағдарламаның барлық функциялары толық жұмыс істемейді, қосымша жыл соңына дейін жетілдіріледі, – деп хабарлайды Bnews.kz.

Microsoft Office 2016 сынақтан өткізіп көремін деушілер мына сілтемеге басуына болады. Бағдарламада жұмыс істеу үшін әзірге ағылшын тілін үстірт білу жеткілікті.

Сонымен қатар, корпорация Skype-тың бизнес-нұсқасын да әзірледі. Skype for Business мессенджердің стандартты нұсқасына өте ұқсас етіп жасалған әрі ол Office-пен ықпалдастырылған. Бағдарламаның соңғы үлгісі сәуірде саудаға шығарылады.

сурет: ekozlov.ru

Е. Қайрахан