Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Tomatan – жүгіру барысында қызанақпен азықтандыратын жаңа робот (Видео)

Tomatan – жүгіру барысында қызанақпен азықтандыратын жаңа робот (Видео)

Tomatan – жүгіру барысында қызанақпен азықтандыратын жаңа робот  (Видео)

Жапония  әлемді ақыл-білімімен, тапқырлығымен мойындатқан ел. Жаһандану дәуірінде роботехнология саласымен көш бастап жүрген бұл елдің халық игілігіне пайдаланылып жүрген құрылғыларында сан жоқ. Бұл елде өнертабыстар күн санап дүниеге келіп жатады. Сондай заманауи өнертабыстардың бірі қалам сілтеуімізге себеп болды.

Kagome – негізінен қызанақ соусын, жемістер мен көкөністерден шырын өндіретін жапон компаниясы. Осы жолы бұл компания Tomatan деп аталатын жаңа робот жасады. Оның басты қызметі – робот иесі жүрген кезде, оны қызынақпен азықтандырады.

Бұл ойды қолға алған – аталған компанияның қызметкері Шигенори Сузуки. Роботты жасау үшін Maywa Denki атты жапон арт-студиясының суретшілері атсалысқан. Ерекше робот сырт қарағанда, "Чиполлино" балалар мультфильміндегі Қызанақ Синьораны еске түсіреді.

Салмағы 8 кг болатын робот жүгірушінің арқасында отырып, 7 қызанақ салынған арнайы қорапшадан қызанақты автоматты түрде алып береді. Бұл құрылғы Токио марафонына арнап жасалған және барлық роботқа 50 мыңнан астам қызанақ жұмсалмақ. 

Осы ретте "неге қызанақты пайдаланған?" деген сұрақтың ойға оралатыны рас. Қызанақ инсульттің және жүрек ауруларының бетін қайтарады. Оған қоса, қызанақ өкпе қызметін реттеп отырады. Жүгірушіге, ең алдымен, дұрыс тыныс алу керек дегенді ескерсек, бұл жағдайда қызанақтың дұрыс таңдалғанын байқаймыз.

Сурет: media.zenfs.com, 1reasonaday.files.wordpress.com

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 26 ақпан 2015, 13:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.