Ресей микрокомпьютер шығарады

Ресей микрокомпьютер шығарады

Ресейдің «Умная электроника» компаниясы Black Swift атауына ие микрокомпьютерлерін жаппай құрастыруды бастайды. Айта кетсек, компания өкілдері жоба үшін 25 000 АҚШ долларын жинай алған.

Құрастырушылар аталған құрылғыны Linux оперативті жүйесінде жұмыс істейтін «ең кішкентай компьютер» деп отыр. Бұл өнім Ресейде салынып жатқан «смарт үйлер» мен интернет қуатын арттыруда қолданылатын болады.

Black Swift аппаратының көлемі — 25x35x4 мм. Бұл кез келген техниканың құрылымына сай келетінін көрсетеді. Құрылғы 400 МГц жиіліктегі 32-битті MIPS 24K процессорымен жұмыс істейді. Оның қосалқы жадысы 64 МБ болса, жедел жадысы – 16 МБ.  Оған қоса, Wi-Fi модулімен қамданған.

Құрастырушылардың айтуынша, Black Swift микрокомпьютері кез келген смарт өнімнің негізгі құрамдасы болуға жарайды. Ал оның оперативті жүйесі OpenWRT 14.07 платформасы болып отыр.

Расында орыстың құрастырушылары ұсынып отырған өнім өз кезегінде ең кішкентай көлемге ие емес. Айта кетсек, осыдан бір жыл бұрын Intel компаниясы «Эдисон» микропроцессорын таныстырған болатын.

Pentium-кластағы толық көлемді компьютер транзисторлық технология негізіндегі Linux басқаруымен жұмыс істейді. Оған қоса WiFi және Bluetooth радиомодульдерімен қамданған еді. Сондай-ақ, микрокомпьютер өзінің онлайн дүкеніне қосыла алатын.

Негізі «Эдисон» Intel компаниясының эксперименталды жобасы болған. Компанияның басты мақсаты кішкентай корпусқа ие гаджеттердің құрылымына сай келетін әмбебап платформа жасау еді.

Бір жыл бойында компания өз өнімін бірнеше нұсқамен шығара алды. Айта кетсек, осыдан төрт ай бұрын «Эдисон» құрылымы негізінде флешкамен тең компьютер шығарған болса, қаңтардың басында өткен CES 2015 халықаралық көрмесінде көлемі түймедей «әлемдегі ең кішкентай компьютерді» таныстырды. Одан бөлек аталған платформа смарт-көзілдірік пен дербес компьютерге ұқсас планшет шығаруда қолданылды.

Сурет: www.gadgetblog.ru

Оқи отырыңыз:

CES 2015. Әлемдегі ең кішкентай компьютер таныстырылды

Intel дербес компьютерге ұқсас планшет шығарды

Intel флешкамен бірдей компьютер шығарды

Африкада Intel жүйесі бойынша алғашқы смартфон шықпақ

Ж. Өрісбай