Ойламаған жерден дүниеге келген өнертабыстар

Ойламаған жерден дүниеге келген өнертабыстар

Тосыннан келген ойға селқос қарауға болмайды, сол ойлар маңызды өнертабысқа айналып, адам өмірін өзгертуі мүмкін. Маңызды өнертабыстардың басым бөлігі ойламаған жерден дүниеге келген. Жапония Rocket сайты тосыннан пайда болған бірнеше өнертабыс жайлы жазған екен.

Газдалған сусын

Америкалық дәрі жасаушы Иоханның жәрдемшісі бас ауру дәрісін көмірқышқыл газы арқылы сұйылтып болып, сұйылғаннан кейінгі дәмінің тіл үйіретінін байқаған. Осылай газдалған сусын жарыққа шыққан.

Микротолқынды пеш

Америкалық «Найзағай тәңірі» компаниясының маманы радардың маңында жұмыс істеп жүрген кезде қалтасына салып қойған шоколадтың еріп кеткенін байқаған. Осылайша микротолқынды пеш жарыққа шыққан.

Нейлон белбеу айылбасы

Швейцариялық маман итін ертіп бой жазып жүргенде итінің денесіне жабайы гүл ұрығының жабысып қалғанын байқаған. Ол гүл ұрығының сыртқы пішініне бақылау жүргізгенде ұрықтың сыртынан ілгегі бар тікенді байқаған, маман осы қағидаға негіздеп нейлон белбеу айылбасын тапқырлап шыққан.

Пенициллин

Дүниедегі ең алғаш тапқырланған антибиотик пенициллиннің қасиетін Шотландия ғалымы Александр түшкірген кезде байқап қалған. Ол адам түшкірген кезде жетілдіру тәжірибе аспабының ішіндегі көгерткіш бактерияның түшкіруден пайда болған микробты дереу жоятынын байқаған. Содан соң Александр көптеген тәжірибе жасап, көгеру бактериясының құрамынан бөлініп шыққан микробты өлтіре алатын затты тапты. Ғалым оған пенициллин деп ат қойған.

Ядролық энергия

1896 жылы франциялық ғалым Анто уран қоспа затының күн нұрының астында X сәулесін бөліп шығаратынын дәлелдеу үшін күн ашық кезде тәжірибесін істеуді ойлаған. Бірнеше күн бойы ауа райы ашылмай Антоның жұмысына кедергі болған. Сондықтан, ол суретке түсіру аппараты мен уран қоспасын бір суырманың ішіне салып қойған. Бірнеше күн өткен соң ғалым суырмадағы суретке түсіру тақтасына күн нұры болмаса да, сәуленің түскенін байқаған. Кейін ол зерттеу арқылы уран қоспа затының көзге көрінбейтін зат бөліп шығаратынын анықтады.

Балмұздақ

1905 жылы Сан-Франциско қаласындағы базарлардың бірінде сатушы бала араластыру таяқшасы салынған бір кесе жеміс шырынын далаға ұмытып кеткен. Таңертең қатып қалған жеміс шырынын көрген. Осылай балмұздақ жарыққа шықты. 1924 жылы өнімге Popsicle деп ат қойылып, сауда маркасы ретінде тіркелген.

Рентген сәулесі

Теріс электрод түтігі арқылы тәжірибе жасаған кезде сәуле тосылғанымен, тәжірибе объектісінің жанындағы қағазда сағым пайда болған, ғалымдар көптеген тәжірибе жасау арқылы рентген сәулесін тапқырлап шығарды.

Сурет: wikipedia.org

M. Auelkhan