Windows 10 келесі жылдың басында таныстырылады

Windows 10 келесі жылдың басында таныстырылады

Microsoft 2015 жылдың 21 қаңтарында АҚШ-тағы Редмонд округінде өтетін шарада Windows 10 жүйесін таныстырады.

Бұл шарада нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін ажыратып, құрастырушыларға ұсыныстар айтуға болады. 

Windows 10 сенсорлы экранмен де жұмыс істей береді. Алда Technical Preview секілді бірқатар фунциялармен қамтылады.

Платформа келесі жылдың күзінде толық дайын болады. Нақты шығатын күні белгіленбеген. Бұны компанияның атқарушы директоры Кевин Тернер Nikkei басылымына берген сұқбатында айтты.

Бұған дейін кейбір қолданушылар Microsoft өнімдерінен қате тауып Windows 8 платформасынан бас тартқан еді. Сол себепті, бағдарламашылар Windows 10 платформасын мінсіз етуге тырысып бағуда.

Microsoft осы жылдың күзінде Windows 10 өнімінің алғашқы таныстырылымын жасаған еді. Айта кетелік, компания Windows 8-ден кейінгі нұсқаны Windows 9 деп атаудың орнына одан аттап бірден Windows 10 деп ат қойды. 

Айта кеткен жөн, Windows платформасы – Microsoft-тың негізгі өнімі. Компания оперативті жүйелер нарығында қазір көшбасшы. Ал аталған өнімді әлем бойынша 1,5 миллиардтан астам адам қолданады. Дегенмен, соңғы жылдары мобильді құрылғылар мен планшеттер көбейіп кеткендіктен, Windows платформасының үлес салмағы азайып кетті.

Сурет: www.huffingtonpost.co.uk

Ж. Өрісбай