Цукерберг Facebook-тың балаларға әсер ететінін мойындады

Цукерберг Facebook-тың балаларға әсер ететінін мойындады

Facebook бас директоры Марк Цукерберг интерактивті БАҚ қызметкерлерімен бірге басқосуда болды. Оның әрбір пікірі мен көзқарасы әрқашан қоғамның әр саласының назарында болатыны белгілі. Сонымен бірге жақында Facebook қызметкерлерінің ішкі сұрақ-жауап күнінде жұртты алаңдатқан біраз тақырыптардың басы ашылды.

Бұл тақырыптардың ішіндегі ең бастысы «Facebook және бала» болды

Facebook-тың әйел қызметкері Цукербергке: «Егер сіз екеуміз үйленсек, онда біз қызымыздың өмірін қалай реттейміз? Оны Facebook-пен қалай қарым-қатынас жасатамыз?» деген сұрақ қойды.

Осы мәселе жөнінде Цукерберг танымал әлеуметтік желі 13 жастан төмен балалардың тіркелуіне шектеу қойылғаны жайлы айтып: «Егер менің 13 жасқа дейінгі қызым болса оны Facebook-қа тіркелуіне жол бермейтін едім» деді.

«Жаман» батырмасы

«Шын мәнінде, ұзақ жылдан бері біз осы функцияны ("Poor" пернесін қосу) қарастырып келеміз» деді Цукерберг. Бұл батырманы қоспаудағы себебіне тоқталған Цукерберг оның кері эмоциялардың таралуына жол ашатынында деп түсіндірді.

Жалпы, Facebook тектес еркін әлеумттік желілердің балаларға зияны жайлы ертеден айтылып келеді. Бірақ, оның оң шешемін тапқаны шамалы. Тек балаларға арналған операциялық жүйелердің жасалынғаны көңіл қуантады. Дегенмен, оның да жалпы халық арасына әлі таралмай отырғаны өкінішті.

Сурет: www.sostav.ru

M. Auelkhan