Ең үлкен сенсорлы дисплей шықты

Ең үлкен сенсорлы дисплей шықты

4K-дисплей өндірушілері арасында жетекші орындағы америкалық Planar компаниясы UltraRes сериядағы тұңғыш алып дисплей жасап шығарды. Оның ең бір артықышылығы үлкен көлемінде, яғни диагоналі 98-дюймді дисплейінде болып отыр. Одан бөлек сезімтал экран бір уақытта 32 жанасуды бірден сезе алады.

Дисплей бірнеше адамның ортақ жұмыс істеуіне арналып жасалған. Мысалы, осы секілді өнімдер сөйлесу пунктерінде, оқу сыныптарында, басқару орталығы мен мәжіліс залдарында қолдануға өте ұтымды панель.

Planar компаниясы UltraRes 98’’ смарт жанасу дисплейінен бөлек, оның аналогы болатын 28’’, 58’’, 65’’ және 84’’ диагональді экрандарды өндіруді де қолға алады. Дисплейдегі көрсету сапасы Ultra HD болмақ.

Аппараттың матрицасы 500 нүктеге дейін жарқын болып, 2D және 3D сапада көрсете алады. Оның сыртқы қабаты қазіргі кезде мобильді нарықта көп қолданылып келетін арнайы жасалынған қатты айнамен қапталады.

Мәтіндер мен кіші тетіктер диагональдің мүмкіндігіне қарамастан бар ақпаратты толық көрсете алады. 98-дюймді Planar UltraRes панелі осы айдың орта шеніне қарай сатылымға шығады деп күтілуде. Дегенмен, оның бағасы туралы әзірге еш ақпарат берілмеді.

Сурет: www.businesswire.com

Ж. Өрісбай