Facebook компаниясы ақысыз антивирус жасап шығарды

Facebook компаниясы ақысыз антивирус жасап шығарды

Facebook – әлемнің  ғаламтор жүйесінің ішіндегі ең танымал әлеуметтік желі. Бұл желіні пайдаланушылар саны да көп. Ал олардың кейбірінің парақшаларына белгісіз зиянды бағдарламалар шығып кетіп жатады. Facebook «Eset» өндірушілерімен бірігіп, әлеуметтік желі арқылы тарайтын зиянды бағдарламаларды жоятын ақысыз антивирус жасап жатыр. 

«Біздің мақсатымыз – пайдаланушылардың құрылғыларының қызметін арттыратын бағдарламалық технологияны ұсыну. Вирустарды онлайн-сканерлеу арқылы зиянды сілтемелер санын айтарлықтай азайтуға болады»,- дейді «Facebook» компаниясының веб-құрастырушысы. 

Facebook парақшасында зиянды бағдарламалар туып жатса, пайдаланушыға антивирусты жүктеу үшін арнайы сілтеме жолданады. Антивирустық бағдарламаны орнатқан соң, компьютер сканерден өтеді. Артынша бақылаудың барысы мен нәтижесі Facebook қолданушысының парақшасында жарияланып тұрады.

Сканерлеу пайдаланушының басқа істерімен айналысуына кедергі тудырмайды. Әлеуметтік желі компаниясы осылайша ғаламтор алаяқтарынан қорғайтын өзінің антивирусын жасауды қолға алды. Facebook-тің айтуы бойынша, жаңа антивирус зиянды бағдарламаларды бірден жояды.

Сурет: losivalepensante.it

Е. Жұмабайұлы