АҚШ-та алтын корпусты iPhone 6 сатылымға шықты

АҚШ-та алтын корпусты iPhone 6 сатылымға шықты

Жуырда ғана iOS платформасының жаңа нұсқасына көшкен iPhone 6 смартфоны 24 каратты таза алтынмен қапталуда. Америкалық Ademov фирмасының негізгі бизнесі қарапайым гаджеттерді алтынмен әрлеу болып, оларды белгілі бір шектеумен ғана шығарады. Компанияның келесі өнімі iPhone 6 смартфоны болыпты. Аталған өнімде Apple логотипі ақ гауһармен көмкерілген.

Бағасы - $7,5 мың. Көрсетілген бағаға дизайнерлер ағаштан жасалынған қорабын да ұсынады. Сонымен қатар, сатып алушы өз қалауынша алтын корпусқа атау немесе сурет салдыруына болады. Бірақ ол еңбектің құны қосымша ақыны талап етеді.

Сурет: www.scanvine.com

Ж. Өрісбай