Nokia гаджеттер нарығына қайтып оралды

Nokia гаджеттер нарығына қайтып оралды

Nokia өзінің алғашқы N1 Android-планшетін жасап шығарды. Бұл туралы финдік компанияның ресми сайты хабарлайды.

N1 планшеті әзірге көпке белгісіз болғанымен, фирмалық логотиппен нарықта жақсы сатылуы мүмкін. Аталған планшет 2015 жылдың басында алдымен Қытайда сатылымға шығатын болады. Оның оперативті жүйесі - Google Android-тің құны 229 АҚШ долларына бағаланып отыр. Планшетті құрастыру және оның Қытай аймағындағы сатылымымен тайваньдық Foxconn компаниясы айналысады екен.

Осыдан алты ай бұрын Microsoft тізгінінен кеткен мобильді бизнес енді өз абыройын қайта тіктеуді жоспарлап отыр. Nokia Technologies компаниясының басшысы Себастьян Нистром (Sebastian Nystrom) алдағы уақытта планшеттер санының көбейетінін айтады.

Естеріңізге сала кетсек, Nokia өзінің мобильді бизнесін Microsoft компаниясына сатып жіберген болатын. Содан кейін, финдік бренд тек қолданыста бар фирмалық гаджеттерді жөндеумен айналысып келген. Дегенмен компанияның брендтік лицензиясын қайтару мақсатында финдік басшылар Microsoft-пен келісімге келіп, дербес өнім шығару мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Сондай-ақ, Nokia өзінің Networks (ғаламтор), Enterprise (жаңа бизнестік құрылым) және Technologies (гаджеттер) дейтін үш бірдей салалық бизнесін дамытуды көздеп отыр. Расында соңғы жылдары компания нарықта өте төмен нәтиже көрсеткен болатын. Енді Nokia бизнес модулін қайта жасап, брендті қайта қалпына келтіретін болады.

Сурет: www.dailymobile.net

Ж. Өрісбай