Intel Security ұсынған McAfee LiveSafe™ компьютерді жан-жақты қорғайды

Intel Security ұсынған McAfee LiveSafe™ компьютерді жан-жақты қорғайды

Intel® Channel Day-2014 әріптестік конференция аясында Алматы қаласында сандық құрылғыларға арналған жаңа қадамдар мәлімденген баспасөз мәслихаты өтті.

Ұялы құрылғының кең қолданысқа ие болуы Интернеттің (Қазақстандағы көрсеткіш – 70 пайыз) қарқындауын қамтамасыз етіп отыр. Қазірдің өзінде әлемнің 60 пайыздан астам тұрғыны Интернетке қосылатын үштен көп құрылғы ұстайды. Жаһандағы әр 9 адамға 2 смартфоннан келеді екен. Бұл дегеніңіз – 1,4 млрд. құрылғы деген сөз. 

Интернеттегі белсенділіктің өсуіне орай, сандық құрылғыларға келетін қауіп те көбейіп отыр. 2013 жылы қауіпті бағдарламалар саны 2012 жылға қарағанда 2 есе өскен. Қауіпті бағдарламалар қолданушының жеке басына тиесілі ақпараттарды жинаумен айналысады, адамның тұрғылықты жері, желі мен қосымшаны қандай мақсатта қолданатыны зиянды бағдарламаларды қызықтырады. Осы орайда, бағдарлама ұялы телефонға рұқсатсыз кіріп, оны бақылауда ұстауға тырысады. 

Бірақ ЖК-ге (жеке компьютер) рұқсатсыз енуге жол бермейтін қорғаныштар да жоқ емес. Сондай қорғаныштардың бірі McAfee LiveSafeнұсқасын McAfee (Intel Security) таныстырып отыр. Жаңарған McAfee LiveSafeжеке адамның ақпараттарын өзі тұтынатын барлық құрылғыда бірдей қорғауды қамтамасыз етеді. McAfee LiveSafe кез келген операциялық жүйемен сәйкеседі, оны Microsoft Windows, Mac OS X10.7 болсын, Google Android 2.3, iOS 5 болсын, қанша құрылғыға болса да орнатуға болады. 

NSS Labs4 тәуелсіз тестінің нәтижесінде, McAfee ЖК-дегі зиянды бағдарламаларды тауып алу бойынша бірінші орынға, жаңа қауіптерді тауып алу жылдамдығы бойынша екінші орынға ие болды. 

Одан бөлек, McAfee LiveSafe-тің Personal Locker қызметі "бұлтта" маңызды құжаттарды еш алаңсыз сақтауды қамтамасыз етеді. Маңызды құжаттарға дауыс пен бетті таныған соң барып, рұқсат беріледі. Сондай-ақ сенімді адамға рұқсат беру мүмкіндігі де қарастырылған. Платформа камера, фото, видеоны ПИН-код арқылы сақтауға мүмкіндік береді. Құрылғы жоғалған жағдайда, McAfee LiveSafe оны GPS жүйесі арқылы іздеп, таба алады. Ұрланғаны анықталса, CaptureCam қызметі құрылғыны қолына ұстап тұрған адамды байқатпай суретке түсіріп, оны құрылғы иесінің электронды поштасына мекенжайымен қоса жібереді. 

Өнім жайлы қосымша ақпаратты ресми сайтынан табуға болады: www.mcafee.com 

Сурет: tecnologia.terra.com.br

М. Оңғарова