Samsung 5G жылдамдықты интернетті тәжірибеден өткізді

Samsung 5G жылдамдықты интернетті тәжірибеден өткізді

Samsung компаниясы ақпаратты тасымалдау саласында төңкеріс жасауға тырысып жатқан секілді. Жуырда ғана оңтүстіккорейлік компанияның Wi-Fi арқылы ең жылдам жұмыс істеуге қол жеткізгені туралы ақпарат берген болатынбыз. Енді Samsung мобильді байланысты жақсарту мақсатында 5G желісінің жылдамдығына тест жасап көрді.

Әлемде мобильді желінің төртінші ұрпағы алқымын алып келе жатса, сеулдықтар бесінші деңгейге жетіп үлгеріпті. Тестілеу барысында компания мамандарының арнайы құрылғылары секундына 7,5 Гбит-ты ақпаратты алмасуға қол жеткізген. Ал қоғалыс кезіндегі ақпараттың алмасуы ше?

Саумсунгтықтар сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүріп бара жатқан көліктің ішіндегі 5G желісінің жылдамдығын анықтап көрді. Сол кезекте, белгілі бір ақпарат секундына 1,2 Гбит жылдамдықпен жіберіле алған.

Арадағы желінің қамтулы тұруын бақылау мақсатында компания мамандары "Массивтердің гибридтелген бейімді технологиясын" (Hybrid Adaptive Array Technology) қолданған. Оның көмегімен тіпті алыс аймақта тұрып-ақ қажетті ақпаратты көрсетілген жылдамдықпен жіберуге болады екен.

Әрине, мобильді интернет қызметінің бесінші ұрпағын толық қолданысқа енгізу үшін әлі де біршама зерттеу жұмыстарын өткізу керек болады. Осы секілді арнайы жобамен жұмыс істеп жатқан инженерлердің арқасында біз жақын болашақта көлемді ақпаратты бірнеше секундтың ішінде көшіріп алуға қол жеткізетін боламыз.

Төмендегі видео арқылы  Samsung компаниясының 5G желісіндегі тестілеу барысын көре аласыздар.

Ж. Өрісбай