Intel арзан бағалы Prestigio MiltiPad Thunder 7.0i планшетін таныстырды

Intel арзан бағалы Prestigio MiltiPad Thunder 7.0i планшетін таныстырды

Алматы қаласында кеше Intel-дің жаңа Prestigio планшеті көпшілік назарына ұсынылды. Таныстырылымда Asbis Kazakhstan компаниясы мен Intel корпорациясы өкілдері жаңа планшет туралы мәлімет берді, деп хабарлайды massaget.kz.

MultiPad Thunder 7.0i  Intel® Atom™ процессоры базасында өзге аналогтарына қарағанда анағұрлым жылдам жұмыс істейді.  Intel® Atom™ екіядролы процессоры планшеттің жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

8 ГБ флеш-жадын 32 ГБ карта жадымен ұлғайтуға болады. 2 мегапиксельді негізгі камераға, 0,3 мегапиксельді фронтальды камераға ие планшет Wi-Fi арқылы интернетке қосылады. 

MultiPad Thunder 7.0i ОС Android 4.4 KitKat нұсқасында жұмыс істейді. Prestigio компаниясы Prestigio MultiStore арнайы дүкенін ашып, танымал қосымшаларды жүктеп алуыңызға мүмкіндік беріп отыр. 

7 дюймді форматы планшетті кез келген жерге бірге алып жүруге болады. 

Intel корпорациясы мен Prestigio компаниясының бірлескен жобасы 15990 теңгеге бағаланып отыр. 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ns1.svit24.net, Intel-дің қазақстандық баспасөз қызметі

М. Оңғарова