iPhone 6 смартфоны 9 қыркүйекте таныстырылатын болды

iPhone 6 смартфоны 9 қыркүйекте таныстырылатын болды

Apple компаниясының өзінің жаңа iPhone 6 аппаратын жұтшылыққа таныстыру баспасөз конференциясын 9 қыркүйекке жоспарлап отыр, - деп жазады appleinsider.com сайты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сайт смартфонның 16 қыркүйек күні таныстырылатыны және сатылымға 14 қазанда шығатыны туралы ғаламторда ақпараттар жарияланған болатын. Дерек көздері әзірге Apple-дың қыркүйек айында аппараттың бірден екі нұсқасын - 4,7 және 5,5-дюймді дисплейге ие нұсқаларын таныстыруы туралы да нақты ақпарат жоқ.

Жалпы тұрғыдан айтқанда, Силикон алқабындағы электроника алыбының осы күздегі негізгі бағыты аталған смартфонның жаңа сериясы болмақ. Себебі өздеріңізге алдын хабарлағандай, жаңа смартфонның бірден 80 миллион данасы сатылымға шығарылу жоспарланған.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа аппараттың 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры болады. Сонымен қатар, iPhone 6-ның сынбайтын шынымен жабдықталған. Ол жақұт кристаллдарымен жасалынады.

Оған қоса, таныстырылу мерзімінен кейін қазан айында жаппай сатылымға шығатындықтан, аталған смартфонмен қатар, iPad Air 2 және iPad mini 3 өнімдері де қазан айының орта шенінде шығуы мүмкін. Бұл туралы да сіздерге ақпарат берген болатынбыз.

Apple компаниясының өкілдері дәстүрлі түрде дайындалып жатқан шара туралы соңғы секундтарға дейін құпия сақтауды жөн көрген. Жарыққа шығатын күні белгілі болғанымен, әзірге ешкім корпорацияның нені көрсететінін нақты айта алмайды.

 Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.kint.com

Ж. Өрісбай