Телефондағы дауысты тани алатын Signal қосымшасы шығарылды

Телефондағы дауысты тани алатын Signal қосымшасы шығарылды

Android платформасына арнап, қауіпсіз қоңыраулар желісін қаматамасыз ететін RedPhone қосымшасын шығарған Open Whisper Systems компаниясы енді iOS-қа арналған Signal бағдарламасын жасап, тұтынушыларға ұсынды.

Signal қосымшасын қолдану үшін телефоныңыздың нөмірін ауыстырудың немесе жеке құпия сөзді дайындаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, телефоныңыздағы метаақпараттар (телефон соғылған уақыт, абонент нөмірі) қорғалған болады.

Оған қоса, Open Whisper System iOS командасы Android операциялық жүйесі арқылы жіберілген мәтіндік ақпаратты (TextSecure қосымшасы) шифрлай алатын қосымшаны шығаруға дайындалып жатыр. Уақыт өте RedPhone және TextSecure қосымшалары Signal бағдарламасына біріктіріліп, Google OS платформасының қолданушыларына ашық болады.

Сіздің телефон арқылы сөйлесіп жатқаныңызды басқа біреу тыңдай алмауы үшін аталған қосымша ZRTP криптографиялық шифрлау әдісін қолданады. Нақтырақ айтсақ, бірнеше сәйкес сөздерді табу міндеттеледі. Ал бұл ақпарат тек сіз қоңырау шалып жатқан немесе сізге қоңырау шалып тұрған адамға ғана белгілі болады. Ал егер сіз қажет сөздерді өз әңгімелесушіңізге берген жағдайда да ол қосыла алмай жатса, демек, біреу сіздердің диалогтарыңызды тыңдауға әрекеттеніп жатқан болады. Ондай кезде лезде өшіру батырмасын басқаныңыз жөн.

Қосымшаны Apple App Store онлайн дүкенінен тегін көшіріп алуыңызға болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.sweetdesign.me

Ж. Өрісбай