HTC соңғы модельдегі смартфонының Windows нұсқасын шығарады

HTC соңғы модельдегі смартфонының Windows нұсқасын шығарады

Сәтті шыққан HTC One (M8) смартфоны Windows Phone 8.1 нұсқасымен үстіміздегі жылдың соңына дейін жабдықталады, деп хабарлайды www.gizmodo.co.uk британдық сайты.

One (M8) фланмандық моделінің арқасында HTC компаниясы шығындардан арыла алды. Осы табысты бизнес моделінің сатылымын одан әрі дамыту мақсатында тайваньдық компания Microsoft-пен келісімге келген.

Бұл туралы батыста аты белгілі, шолумен айналысатын The Verge технопорталының маманы Том Уоррен өзінің туиттер блогында жариялады. Аталған жаңартылатын аппарат осы жылдың соңына қарай сатылымға шығатын болады.

Тілші гаджеттің артықшылықтарын нақтылап көрсетпеген. Осыдан бұрын, үнемі жаңа мобильді аппараттар туралы ресми емес ақпараттарды жариялайтын Эван Бласс есімді блогер WP-нұсқалы HTC флагманының HTC One (W8) атауына ие болатыны мен оның үшінші маусымның басында сатылымға шығатыны туралы ақпарат берген болатын. Ендеше жаңа смартфон негізгі смартфонның артықшылықтарын толық қамтитын болады. Нақылап өтсек, BoomSound динамикасы және екі еселенген "ультрапиксельді" камерамен жабдықталады.

Жаңа аппаратты сатып алушыға компания Dot View деп аталатын бүктемелі тыс қосып беретін болады. Ол сізге электр қуатының мөлшерін, келіп түскен қоңыраулар мен хабарламаларды өңдеп, сізге автоматты түрде дайындап көрсететін болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gizmodo.co.uk

Ж. Өрісбай