Lenovo IdeaPad S20-30: Тағы бір арзан Windows-ноутбугі

Lenovo IdeaPad S20-30: Тағы бір арзан Windows-ноутбугі

Тұтынушылар тарапынан сәтсіз деп табылған Misrosoft корпорациясының Windows 8.1 нұсқасының қолдану аясын дамыту мақсатында компания басшылығы арзан болған "хромбуктар" шығарылымын басты мүддеге көтеріп отыр. Осы жоспардың аясында Microsoft Қытайдағы технология өндісінің алыбы Lenovo-мен біріге Lenovo – IdeaPad S20-30 ноутбугін жасап шығарды.

Жаңа өнімнің негізгі мінездемесі Windows-ноутбуктері сериясымен шыққан Vivobook F200MA хромбугімен дерлік сәйкес келеді. Ал дизайнына тоқталар болсақ, бірден көзге түсетін Lenovo логотипі аппараттың жоғары жағында орнықтырылған және AccuType пернетақтасының толық көлемімен көмкерілген.

IdeaPad S20-30 хромбугі 11,6-дюймді мониторға ие (мүмкіндігі 1366 x 768 нүкте). Аппарат Intel Celeron N2830 (Bay Trail) екіядролы процессорымен жұмыс істейді.

Өзге де параметрлерін айтатын болсақ, оперативті жадысы 2 Гбайт, USB 2.0, HDMI және VGA-байланыстары, Ethernet-ажырату, сондай-ақ, Wi-Fi және Bluetooth 4.0 модульдері қамтылған.

IdeaPad S20-30 жаңа хромбуктарының сатылымға шыққан бағасы Vivobook F200MA бағасымен бірдей. Шартты бірлікпен айтқанда, 250 еуро немесе 335 АҚШ доллары. Ал 300 еуроға (400 Ақш доллары) хромбуктің 4 Гбайт оперативті жадысы бар нұсқасын сатып ала аласыз. Ал бұл хромбуктің Қазақстан нарығына келуі туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: nws.su

Ж. Өрісбай