iPhone 6 қыркүйек айының ортасында таныстырылады

iPhone 6 қыркүйек айының ортасында таныстырылады

Apple компаниясы iPhone 6 смартфоны мен iOS 8 операциялық жүйесінің таныстырылымына арналған арнайы конференцияны қыркүйек айының ортасында өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге нақты қай күні таныстырылатыны белгісіз. Бұл туралы 9to5mac.com хабарлады.

Компания әдетке айналдырған қыркүйек айындағы таныстырылымында дисплейі 4,7 дюйм болатын iPhone 6 смартфонын көре алатын боламыз. 5,5 дюймді дисплейі бар смартфон туралы әзірге дерек жоқ. Бірақ оның да үстіміздегі жылдың соңына қарай таныстыруы ықтимал.

Ал «тістелген алма» өнімі бірінші кезекте таныстырылымнан кейін бір жарым апта уақыт өткен соң ғана АҚШ-та және Еуропаның кейбір елдерінде нарыққа шығады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: 9to5mac.com

А. Құлтай