iPhone PRO армандарды орындайды

iPhone PRO армандарды орындайды

Қытайлық дизайнердің ұсынған жаңалығы смартфонның қалыбы жайлы ойымыздың астан-кестеңін шығарады.

Бірер қосымша құрылғылары бар қарапайым айфон кәсіби фотоаппараттың қалпына ауысады да кетеді. Біз айфон арқылы тек байланыс жасап қана қоямыз, ал дизайнерлер қауымы айфон арқылы итті қыдыртуға, пәтердегі электроқұрылғыларды іске қосуға, қосымшаларды жаңартуға, көрші үйдегі мысықтың жүрек соғу қалпын тексеруге дейін мүмкін екенін айтады. Ал ең бірінші орында суретке түсіру.

Чой Джинонг (Choi Jinyoung) есімді дизайнер айфонды фотоаппарат деп біледі-мыс. iPhone PRO-ға жасаған өз концептісінде ол мүлдем ойламаған дүниені айтқысы келеді. Оның ойынша, айфон арқылы 3D сурет түсіріп, обьектив жалғауға болатын арнайы ілмек жасауға болады екен.

Кім біледі, мүмкін кейінгі уақыттарда кәсіби фотоаппараттың орнын да, теледидардың орнын да, тіпті гаджеттердің барлық қызметін ұсынатын айфон шығып қалар?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: pda63.ru

А. Құлтай