80 $ тұратын Ematic Genesis Prime планшеті

80 $  тұратын Ematic Genesis Prime планшеті

Ematic компаниясы сатылымға жаңа 7-дюймды Genesis Prime планшетін шығарды. Гаджет Android Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс жасайды. Құрылғы Google компаниясымен сертификатталған. Және АҚШ еліндегі қазіргі бағасы 79,99 доллар тұрады. 

Планшет 1,1 ГГц операциондық жүйесімен, 512 Мб болатын оперативті және қолданушының мәліметін сақтайтын 4ГБ сақтау жадымен жабдықталған. Одан бөлек, планшет сатып алғанда жеке тұлғаға 5 ГБ бұлтты қызметі сыйға беріледі. 

1

Сондай-ақ онда фронтальды VGA-камера және Built-in 802.11b/g/n Wi-Fi модулі орнатылған. Батареясы құрылғыны 4,5 сағат жұмыс уақытымен қамтамасыз етеді.  7’’ дисплейі сенсорлы жұмыс жасайды. Мүмкіндігі - 800*480 пиксельді. USB 2.0 порты және 3,5 мм аудио-ұясы бар. 

Планшеттің салмағы 268 грамм тартады. Өлшемдері - 192 x 125 x 9,9 мм. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru


Б. Қосмағамбет