"іРhone 6" жасалды

"іРhone 6" жасалды

Абель Вердезото атты дизайнер iPhone-дардың келесі ұрпағы 6-моделді қалай елестететіндігін көрсетті. Автор туындысын "iPhone 6" деп атапты.

Концепттің ерекшелігі модель бұрынғы Apple смартфондарының дизайнерлік тіліне ұқсамайды. Телефонның бұрыштары дөңгеленбей, тік етіп жобаланған. Құрылғының жиектері хроммен күптелген. Айта кетелік, бұл шешім iPhone 3GS-тен кейін пайдаланылмай қалған болатын.

Автор смартфонның техникалық қасиеттері туралы ештеңе демейді. Олай болса, дизайнердің туындысын тамашалаңыздар:

n

hj

nm

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: bnews.kz

Massaget