Ғарыш жүк тасушы кемесі жерге қонды

Ғарыш жүк тасушы кемесі жерге қонды

SpaceX компаниясы құрастырған Dragon ғарыш жүк тасушы кемесі Тынық мұхитына сәтті қонды, деп хабарлайды NASA. Кеме Калифорниядағы жағажайдан бірнеше километр қашықтыққа келіп қонды. Айта кетелік, бұл Dragon-ның осымен екінші сапары. Бұл жолғы саяхат 23 күнге созылды.

Dragon Жер бетіне Халықаралық ғарыш станциясынан 1210 килограмм биологиялық үлгілерді әкелді. Бұған дейін кеме жерге 25 наурыз күні келіп қонады деп жоспарланған болатын. Дегенмен қолайсыз ауа-райының себебінен бұл процесс кейінге қалдырылды.

gh

fg

Ғарыш жүк тасушысы 2016 жылға дейін 10 рет ғарышқа ұшып келеді деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.ntv.ru, voicerussia.com

Massaget