Түнде Байқоңырдан тағы бір ракета ұшады

Түнде Байқоңырдан тағы бір ракета ұшады

Бүгін түнде, яғни, 27 наурыз күні Астана уақыты бойынша 01:06:48-де Байқоңырдан ұшыралатын «Бриз-М» екпіндеткіш блогымен жұмыс істейтін «Протон-М» зымыран тасығышы орбитаға «СатМекс-8» ғарыш аппаратын шығарады.

Қазір «СатМекс-8» аппараты старттық комплексте тексеру жұмыстарынан өтуде. "Зымыран тасығышты ұшыру құрылғысына қондыру жұмыстары аяқталды", - деп хабар таратты "Роскосмос" федералды ғарыш агенттігі.

Қазір бірінші старттық күннің бағдарламасы іске асырыл жатыр.

23.03.2013

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін ғарышқа "Экспресс-МД2" және Telkom-3 байланыс спутниктерін шығаруға тиіс боған "Протон-М" ракета тасымалдағышының ұшырылуы сәтсіз аяқталғандығын айтқан болатын. Апаттан кейін орталық мамандары бұған себеп болған - "Бриз-М" екпіндету блогында орын алған қателіктер екендігін айтып еді.

Бірнеше күннен соң агенттіктің жаңа басшысы Владимир Поповкин "осы уақытқа дейін шығарылған "Бриз-М" екпіндеткіш блоктарының барлығын тексеруден өткізу туралы шешім қабылданғандығын, бұдан былай әрбір екпіндеткіш мұқият тексеруден өтетіндігін" айтып, "Бриз-М" блогының барлық партиясын жарамсыз деп тапқан еді.

Айта кетелік, "Бриз-М" екпіндету блогы Хруничев атындағы орталықта құрастырылып шығып жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.federalspace.ru

Massaget