Жапондар ойлап тапқан көп мәртелі желім

Жапондар ойлап тапқан көп мәртелі желім

Жапонияның "AIST" институтының ғалымдары органикалық дүниелерден көп пайдаланбалы желім жасап шығарды.

Қыздыруды, мұздатуды қажет етпейтін желімге күн сәулесі керек. Тығыз күйде сары түсті болатын материал ультракүлгін сәуле астында жібіп, күлгін түске айналса, керісінше, жасыл түстің астында бастапқы күйіне қайта оралмақ.

Қаншалықты күн сәулесі түссе, соншалықты қатая түседі. 365-385 нм толқын ұзындықтағы 80 мВт күшке ие ультракүлгін сәулесінде аталған материал 3 минут ішінде сұйықтыққа айналып шыға келген. Ал жасыл түсте - 1-2 минут.

Бір өкініштісі, желім беріктігі 50 Н/кв.сантиметрді құрайды. Өз кезегінде скотч беріктігіне қарайлас. Бүгінгі таңда ғалымдар беріктік тұрғысында кең көлемді зерттеу жүргізуде.

3

сурет:zhelezyaka.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига