Samsung 7 Ultra сериясының жаңа ноутбугы

Samsung 7 Ultra сериясының жаңа ноутбугы

Samsung компаниясы 7 Ultra сериясындағы жаңа ноутбугымен таныс болыңыздар. 

Samsung 7 Ultra ноутбугы 178° бұрышқа дейін айнала алатын Full HD экранымен жабдықталған. Оперативті жады 16 ГБ құраса, видеокарта ретінде AMD Radeon™ HD 857OM орнатылған. Ал дыбыс көтергіш ретінде JBL® аудиоколонкасын қолдайды. 

1

Толығымен металл корпусынан тұратын ол бар болғаны 1,46 келі тартады. Қалыңдығы 17,5 мм. Электр қуатының жұмыс күші 8 сағатқа дейін жетеді. Сондай-ақ оған толықөлшемді HDMI және mini-VGA орнатылған. 3 USB порты (1×USB 3.0 және 2×USB 2.0) бар. 

 

Дайындаған және суреттерді түсірген: Болат Қосмағамбет


Б. Қосмағамбет