"Memoto" камерасы. Өмірдің әр сәті есте қалсын десеңіз

"Memoto" камерасы. Өмірдің әр сәті есте қалсын десеңіз

Алғашында тек күнделік дәптері болды. Арада көп уақыт өтпей жатып блогтар мен видеоблогтар, тіпті, микроблогтар қатарға қосылды. Енді міне блогосфера сахнасына лайфлоггингтер келіп отыр.

Лайфлоггинг деген кімдер? Жай ғана өмірінің әр сәтін секунд, минутына дейін қалдырмай камераға түсіріп жүретін адамдар. Және ерекше күнді ғана екшеп қоймай, өмір сыйлаған әр сәтті сақтап отыратындар.

Балалық шақтың әр іс-қимылы назарда болмақ. Өткен жылдың 22 наурызы болсын немесе он жыл бұрынғы тамыз айының он бесінші жұлдызы болсын - бәрісін-бәрісі есте қалмақ. Ол үшін бағасы бар-жоғы 250 доллар тұратын кішігірім "Memoto" камерасын сатып алыңыз. Бүкіл ғұмырыңыз электронды дүние ішінде жаңғырып, жанға жайлы жылу сыйламақ.

Көлемі почта маркасындай кішкене ғана қондырғы әр 30 секунд сайын түсірілім жасап, тиісінше, күн-датасымен белгі қалдырады. Бұл дегеніміз, әлемдегі әр адамның ғұмыры қарапайым да қастерлі сандық мұрағаттың ішінде тұрады деген сөз.

Маркетинг саласы бойынша зерттеу жасап келе жатқан британдық “Juniper Research”фирмасы алдағы жылдарда "Memoto" камерасы миллиардтаған доллар табыс алып келеді деп болжам жасауда.
сурет:videoduel.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига