Lenovo K900 — Intel Atom процессоры базасындағы Android-смартфоны

Lenovo K900 — Intel Atom процессоры базасындағы Android-смартфоны

Lenovo компаниясы жақында Lenovo K900 аталған смартфонын жарыққа шығарды. Смартфон Intel Atom Z2580 процессоры негізінде және Clover Trail+ базасында жұмыс жасайды. Қазіргі кездегі ақпараттар бойынша, құрылғы биылғы жылдың сәуір айында жарыққа шықпақ. 

Бірінші боп Қытай нарығына сатылымға шығатын смартфонның 2 ГБ оперативті және microSD есебінен толығатын 16 ГБ флеш-жады бар. Телефон Sony Exmor BSI сенсорлы экранымен және 13-мегапиксель камерамен жабдықталған.  

Lenovo K900 смартфоны Android 4.1.2 Jelly Bean ОЖ негізінде қызмет атқарады. Ал оның бағасы 483 долларды құрамақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

  сурет: tphp.ru 

Б. Қосмағамбет