Ас тұзынан батарейка жасалды

Ас тұзынан батарейка жасалды

Қазіргі технологияның дамыған заманында құрылғыларға электр қуатын беретін батарейкасыз өмір сүре алмаймыз. Дегенмен аккумуляторлардың дамуы қарқыны гаджеттердің дамуы қарқынына ілесе алмай жатыр. Сондықтан бұл саладағы кез келген жаңалық тек гаджет өндірушілерді ғана емес, тұтынушыларды да қызықтырады.

Жақында Nature Materials журналы ас тұзы арқылы жұмыс жасайтын аккумулятор туралы жаңалық жариялады. Батарейканың жаңа типінің өзіндік плюстары мен минустары бар.

Жаңа өнертабыстың басты артықшылығы оның литий мен магнийдің негізінде жұмыс жасайтын аккумуляторлардан әлдеқайда арзандығында. Жаңа батарейка, сонымен қатар, қауіпсіз, әрі оған қолдану саласына байланысты кез келген формаға беруге болады.

Ал кемшілігі бұндай аккумулятордың сыйымдылығы литилік-иондық батарейкаларға қарағанда екі есе аз. Сонымен қатар, тұздың негізінде жұмыс істейтің батарейканы сыйымдылығын жоғалтпай тек 8 рет қана қуаттауға болады. Айта кетелік, литилік-иондық батарейкаларды 500 рет қайта қуаттағанның өзінде, ол сыйымдылығын төмендетпейді.

Құрастырушылардың айтуынша, жаңа өнертабыстың өте арзан болуы, әрі оның 100 пайыздық зиянсыздығы қазіргі құрылғылар үшін тиімді таңдау болмақ. Аккумулятордың ішінде тұзды электролитпен қапталған қатты натрий электроды бар. Жұмысты бастау үшін бар болғаны электролитке оттегі жіберу керек.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: demiart.ru

Massaget