Google жасаған электронды көзілдірік

Google жасаған электронды көзілдірік

Келер жылдың басында Google компаниясы Google Project Glass деп аталатын футуристік гаджетті (электронды көзілдірік) сатылымға шығарады.

Жасап шығарушылардың мәлімдеуінше, АҚШ тұрғындарының ағымдағы жылы-ақ осындай көзілдіріктердің иесі атануға мүмкіндіктері бар. Видеокөзілдірікті иемденгісі келетіндер Google+ не болмаса Твиттерде құрылғыны қалай қолданатыны жайлы жазып, Google-ге сұраным жіберулері қажет.

Алдын ала тапсырыс жасаған кейбір бақытты адамдар 1,500 АҚШ доллары бағасына Google Project Glass көзілдіріктерін иемденіп үлгерді.

Сонымен қатар, видеокөзілдіріктердің қолданушы интерфейсін және де түрлі жағдайларда қалай жұмыс істейтінін көрсететін видео да жарияланды. Электронды көзілдіріктің көмегімен видеоға, суретке түсіруге болады, хат жазып (мәтін, видео немесе дауыс күйінде), оны қабылдауға мүмкіндік жасалған.  Алайда, дауысты табыстау құлақшын арқылы емес, құлақ үстіндегі сүйекке вибрациялау арқылы жіберіледі. Құрылғы авторларының айтуынша, естілу сапасы әдеттегі динамиктерден кем түспейді-міс.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: blog.bitmarketing.com, bugaga.ru

Ж. FM