Экологиялық таза плантбук

Экологиялық таза плантбук

Ноутбук концептілерінің ішінде бұл нұсқа ең мінсізі ретінде көрініс алды. Оның шын мәнінде өмірде барына сенбессіз де!

Оны сипаттаудың өзі бір фантастика дейді құрастырушылар. Түтікшеге оратылған ноутбук жайлы естіп пе едіңіз?

Seunggi Baek және Hyerim Kim деген корейлік атпен шыққан құрылғылардың жалпы атауы – Plantbook. Оның қуатталу жолы да ерекше! Оны түтікшеге орап су толтырылған ыдысқа гүл секілді қойсаңыз-ақ қуаты арта түседі. Ал болашақта плантбукті күн көзімен де қуаттай аласыз.

Екі қағазшадан тұратын құрылғының бірі – дисплей болса, екіншісі – пернетақта. Одан тіпті оттегі де шығып, табиғи гүлдің қызметін атқарады екен.

Жапыраққа ұқсайтын қалқанша қуатының аз-молдығын көрсетеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rambler.ru

А. Құлтай