HP Slate 7 – 7-дюймды бюджетті Android-планшеті

HP Slate 7 – 7-дюймды бюджетті Android-планшеті

Mobile World Congress көрмесінде Hewlett Packard (НР) компаниясы 7-дюймды, бюджетті HP Slate 7 деп аталатын планшетін таныстырды. Оның бағасы бар болғаны 169 долларды құрайды. 

1

Планшеттің экраны 1024х600 пиксельді мүмкіндікке ие. Құрылғының 1ГБ оперативті жады бар. Сондай-ақ, 1,6-гигагерцті, екі ядролы ARM Cortex-A9 процессорымен жабдықталған. Гаджет 3-мегапиксельді негізгі және фронтальды VGA камераларымен суретке түсіре алады. Және де microUSB порты бар. 

2

HP Slate 7 планшеті Android 4.1 Jelly Bean ОЖ негізінде жасайды. Өлшемдері - 10,7х197х116 мм. Ал салмағы - 370 гр. Планшет сатылымға биылғы жылдың сәуір айында шығады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет:  gadgetblog.ru, electronista.com

Б. Қосмағамбет