Brikk iPhone 5-ке арналған $11 610 тұратын корпус жасап шықты

Brikk iPhone 5-ке арналған $11 610 тұратын корпус жасап шықты

Brikk атты компания Apple iPhone 5 смартфондарына арнап ең қымбат корпус жасап шығарды. Бұл өнімдердің бағасы $11 610 басталып, $14 235 аяқталады. Корпустың жасалу құрамына қымбат металдар кіреді. Яғни ол алтын мен платина бағалы металдарының қоспасынан өмірге келген. 

iPhone 5-тің иелеріне арнап осындай аксессуарлардың бірнеше нұсқасы ұсынылады: сары, алқызыл алтындардан және платинадан жасалған корпус. Ондағы алтынның мөлшері 75 грамм болса, платинаның салмағы 100 грамм. 

Корпус дизайны iPhone 5 смартфонының барлық батырмалары, порттары мен қажет тетіктеріне кедергі келтірмейтіндей етіп жасалған. 

Brikk компаниясында хабарлағандай, әр сатылған корпусқа олар бір тонна күріш сатып алуды жоспарлап отыр көрінеді. Ондағы мақсат оларды әлемнің ең кедей елдеріне көмек ретінде жөнелту.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет