Gemini JoyTAB Duo 7 – 7-дюймды бюджетті планшеттер

Gemini JoyTAB Duo 7 – 7-дюймды бюджетті планшеттер

Еуропа нарығына 7-дюймды, екі бірдей су жаңа Gemini JoyTAB Duo 7 және Gemini JoyTAB Duo 7 3G планшеттері жол тартты. 

Олардың біріншісі 1,6 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын Cortex A9 екі ядролы процессорымен жабдықталып, 1 ГБ оперативті жадына ие. Флеш-жады 8 ГБ-ты құрайды. Планшеттің 0,3 және 2 Мп болатын екі камерасы бар. Аккумулятор сыйымдылығы - 2800 мА/сағ. Операциондық жүйе ретінде Android 4.1 Jelly Bean қолданылады. 

Gemini JoyTAB Duo 7 3G планшетіне тоқталсақ, атына сәйкес ол 3G-модулімен жабдықталған. Біріншісіне қарағанда аккумулятор сыйымдылығы да қомақты - 5800 мА/сағ. Оның басты айырмашылығы - ол Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциондық жүйесін қолданатындығы. 

JoyTAB Duo 7 бағасы 125 доллар болса, Gemini JoyTAB Duo 7 3G планшетінікі - 217 доллар. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет