Samsung компаниясы ұсынған робот-шаңсорғыш

Samsung компаниясы ұсынған робот-шаңсорғыш

Құрметті "Массагет" порталының қолданушылары! Біз сіздерге осыған дейін хабарлағанымыздай, алдағы уақытта порталымыздың "Техно" айдары арқылы "Samsung CIS Forum 2013" көрмесінде таныстырылған Samsung компаниясының жаңа өнімдері жөнінде кеңінен тоқталып өтпекпіз. 

Сонымен, бүгін сіздердің назарларыңызға тұңғыш рет компанияның төл өнімі робот-шаңсорғышты ұсынамыз. 

Бұл шаңсорғыш ең бірінші, өзінің арнайы құралдарымен, яғни тұңғыш рет қолданылып отырған қырғыштарымен ерекшеленеді. Оған қоса, ол Visionary Mapping Plus интеллектуалды жүйесінің арқасында бөлмедегі кез-келген жерді емес, тек ластанған, шаң-тозаңға толып қалған аудандарды ғана арнайы қырғыш көмегімен тазалай алады. Сондай-ақ ол осыған дейін мүлдем тазаланбай келген жиһаздар астына оп-оңай кіріп, еденді шаң-тозаңнан толық тазарта алады. 

Назарларыңызға көрме залынан түсірілген робот-шаңсорғыштың жұмыс жасау әрекеті жөніндегі бейнероликті ұсынамыз:

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: жеке мұрағаттан

Б. Қосмағамбет