2013 жылы сатылымға мөлдір телефон шығады

2013 жылы сатылымға мөлдір телефон шығады

Естеріңізде болса, жуырда біз тамсандырар телефондардың топтамасын ұсынған болатынбыз. Алайда, Polytron компаниясы телефон дизайнына аса қатты көңіл бөлген секілді.

Сөйтіп, толықтай дерлік мөлдір телефон жасап шығарды.

Толықтай дерлік деудің себебі батарея мен жад картасын телефоннан әлі де байқауға болады. Бірақ, компания жақын арада жад картасын да мөлдір етіп жасауа уәде беріп отыр.

Аталған құрылғы ағымдағы жылы сатылымға шығуды жоспарлап отыр екен. Алайда, телефонның негізгі сипаттамасы, видео мен фотокамераның қаншалықты сапалы болатыны жайлы жасап шығарушы компания ешқандай ақпарат бермей отыр.

Ал сіздің ойыңызша, мөлдір телефондар сұранысқа ие бола ма?

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: 3dnews.ru

Ж. FM