Жалғыз тамақтанбайтын боласыз

Жалғыз тамақтанбайтын боласыз

"MisoSoupDesign" жапон дизайнерлік студиясы тамақтанған уақытта смартфоннан ажырамас үшін жаңа ыдыс ойлап тапты. Қосымша көмек дейміз бе, әлде қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі дейміз бе? Ол жағын өзіңіз шеше жатарсыз. Әйтеуір, студия өнімі заманауи қондырғыны қолдан тастамас жандарға көмекке келгендей.

Өнертапқыштар жаңа ыдысқа «Anti-Loneliness Ramen Bow» деген атау да қойып отыр. Тікелей мағынасына көшсек, онда аталған дүниені "жалғыздыққа қарсы кеспеге арналған ыдыс" деуге келеді. Ең бастысы, студия басшылығы үстел үстінде әңгімелесу құқығынан айырылған жандардың сұхбаттасуы үшін жағдай жасасақ дейді. Иә, көп адамның орындалмай келген арманы...

Бұл тегене ыдыс-аяқтың бір түрі және iPod-қа арналған док-станция.

сурет:laughingsquid.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига