Кеше Байқоңырдың "Роскосмостың" тағы бір ракетасы ұшты

Кеше Байқоңырдың "Роскосмостың" тағы бір ракетасы ұшты

Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы ұшырылды. Ракетаның міндеті - "Глобалстар-2" аппараттарын ғарышқа жеткізу.

"6 ақпан күні Астана уақыты бойынша 22.04-те Байқоңырдағы 31-ұшыру алаңынан "Фрегат" екпіндеткіш блогымен жұмыс жасайтын "Союз-2.1а" ракетасы ұшырылды. Зымыран орбитаға "Глобалстар-2" мобильді телекоммуникациялық жүйесіне қарасты 6 ғарыш аппартынан тұратын кластерді жеткізуге арналған", - делінген Роскосмос таратқан ақпаратта.

"Глобалстар-2" ретронслятор-спутниктері мобильді байланыс саласында қызмет көрсетуге арналған аппараттардың шоғыры. Құрылғыларды Globalstar компаниясының тапсырысымен Thales Alenia Space корпорациясы жасап шығарған.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Массагет ғарышқа "Экспресс-МД2" және Telkom-3 байланыс спутниктерін шығаруға тиіс болған Роскосмостың "Протон-М" ракета тасымалдағышының ұшырылуы сәтсіз аяқталғандығын айтқан болатын. Апатқа себеп болған - "Бриз-М" екпіндеткіш блогында орын алған қателіктер екендігі хабарланған еді. Ал бұл жолғы зымыран "Фрегат" екпіндеткіш блогымен жұмыс жасайды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: federalspace.ru